«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Белогор негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
2024-2025 оқу жылына конкурстық негізде педогогтарды жұмысқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 27 наурыз бен 03 сәуір аралығында жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау 03 сәуір күні аяқталады.
Конкурс 03 cәуір күні өтетін болады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» электронды еңбек биржасына және мектептің әлеуметтік желілері (belogor_negizgi_mektebi инстаграм, фейзбук парақшаларына, belogorskayashkola-akt.edu.kz сайты) мен мектеп сайтына жарияланады.
Конкурс төмендегідей бос орындарға жүргізіледі:
- Дене шынықтыру пәні мұғалімі, тұрақты орын, 1 бірлік 16 сағат.
Конкурс өткізілетін орын:
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Белогор негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекеменің мекен-жайы: Ақтөбе қаласы,Алматы ауданы,Тұрғын үй алабы Белогорка, көшесі Жауқазын, құрылыс 11
Анықтама, байланыс номері: 8 (7132) 73-01-68
Электрондық пошта: belogor@aktgoroo.kz
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
- Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.