Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау конкурсы туралы хабарландыру!!!

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Белогор негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
2025-2026 оқу жылына конкурстық негізде педогогтарды жұмысқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау 2025 жылдың 11 – 20 қараша аралығында жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау 20 қыркүйек күні аяқталады. Конкурс 20 қарашадан кейін өтетін болады.
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» электронды еңбек биржасына және мектептің әлеуметтік желілері (belogor_negizgi_mektebi инстаграм, фейзбук парақшаларына, https://belogorskayashkola-akt.edu.kz сайты) мен мектеп сайтына жарияланады.
Конкурс төмендегідей уақытша орынға жүргізіледі:

1 Тарих пәні мұғалімі (орыс- қазақ сыныптарына), тұрақты орын, 1 бірлік 16 сағат, жалақысы (170 000 – 190 000).
Конкурс өткізілетін орын:
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Белогор негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекеменің мекен-жайы: Ақтөбе қаласы,Алматы ауданы,Тұрғын үй алабы Белогорка, көшесі Жауқазын,құрылыс 11
Анықтама, байланыс номері: 8 /7132/ 73-01-68
Электрондық пошта: belogor-mektep@yandex.kz
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (бұдан әрі — Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады

      Белогор негізгі мектебі КММ